Қазкоммерцбанк пен Халық банк бірігу туралы келіссөз жүргізуде-БАҚ

1762

АЛМАТЫ/МОСКВА (Рейтер) — Қазақстандағы ең ірі банктер Қазкоммерцбанк пен Халық банк бірігу туралы келіссөз жүргізуде. Бұл орындалған жағдайда екі банкке  $27 млрд долларлық активі бар банк құруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Рейтер. Агенттікке бұл туралы ақпаратты келіссөздер туралы білетін екі дереккөзі айтқан. 

Екі банкке Қазақстандағы банк жүйесіндегі активтердің 37 пайызы тиеселі. Акциялары Лондон мен Алматы қор биржасында сатылатын Халық банкінің $1,7 миллиард нарықтық капиталдандыруы бар. Ал Қазкомның нарықтық капиталдандыруы $542 миллионды құрайды.

Рейтер агенттігіне Халық банк бірігу туралы пікір беруден бас тартқан. ҚКБ баспасөз қызметі бұл туралы білмейтінін хабарлаған.

Барлық акционерлер келіскен жағдайда келісім 2017 жылдың мамыр айынан кейін жасалуы мүмкін. Бұл кезде Халық банк $638 миллион еврооблигацияны қайтаруы керек. Оған дейін бірігудің орындалуы мүмкін емес, дейді Рейтер, Халық банкіне жақын дерекөзге сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша бірігу туралы идея Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасынан шыққан. Президенттің қызы Динара мен күйеу баласы Халық банкінің бақылау пакеті акциясына иелік ететіні белгілі.

ҚКБ-тің бақылау пакеті акциясы қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышевке тиеселі.

Келіссөз туралы ақпараты бар, Рейтер агенттігі сілтеме жасаған дереккөздердің бірі бірігу туралы келіссөз туралы бір ай бұрын естігенін айтқан. Ол сондай-ақ 2017 жылы шығарылуы тиіс ковенант түріндегі евробондтың болуынан кедергіге ұшырауы мүмкіндігін де мақұлдаған.

Дерекөз агенттік тілшісіне екі банктің иелері бұл келісім арқылы нарықтағы орнын одан әрі нығайта түсуді көздейді деген ақпарат берген.

Егер бірігу туралы келісім орындалса жаңа банк нарықтағы бәсекелестерінен бірнеше есе үлкен болады. Мысалы нарықта активтері жөнінен үшінші орындағы Цеснабанктен төрт есе, төртінші орынды иеленіп отырған Ресейдің Сбербанкінің Қазақстандағы еншілесінен алты есе үлкен болмақ.

Агенттікке ақпарат берушінің айтуынша бірігу туралы келісім активтерді тазалағаннан кейін орындалуы мүмкін. ҚҚБ-тің жарты активі банктен проблемалық қарыздарды басқару компаниясына айналған БТА банкінің кредиттері.

«Активтерді тазалауға мемлекеттің көмегі қажет болуы мүмкін», дейді Халық банкіне жақын дереккөзі. Өйткені «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры ҚКБ-тің миноритарлық үлесіне ие.

Қазақстандық банктер 2000 жылдың басында қарқынды түрде өсім көрсетті, алайда АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыс кезінде айтарлықтай зардап шеккендер қатарында. Қазақстандағы ең ірі банкердің бірі БТА қарызы болғандықтан екі рет дефолт жағдайын өткеріп, мемлекет меншігіне алынды. Кейінірек мемлекет ҚКБ капиталына да қаржы салды.

(Мәтін Олжас Ауезов пен Мария Гордееваға тиеселі. Қазақшаға аударған 7kun.kz)

Дереккөзі:reuters.com