Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры тағайындалды

Қазкоммерцбанктің директорлар кеңесі 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап банктің басқарушы директоры — басқарма мүшесі қызметіне Давид Машуриді тағайындау туралы шешім шығарды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Машури HR блогындағы және кадрлық әкімшілікке қатысты жұмыстарды реттеумен айналысады. Ол Қазкоммерцбанкке шақырылғанға дейін WE Partners консалтингтік компаниясының қазақстандық офисін, «Корн Фери» компанясының альянс-серіктестігін басқарды. Консалтинг саласы, жылжымайтын мүлікті басқару және мемлекеттік сектор бойынша 16 жылдық іскерлік тәжірибесі бар.

Давид Машури Рepperdine Университетінің мемлекеттік басқару бойынша магистрлік дәрежесін және Ресей халықтар достығы Университетінің филология ғылымдарының бакалавры дәрежесін алған. Cornell Университетінің HRD сертификациялық бағдарламасын аяқтады, ICF мүшесі.