Қазкомның жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

452

«Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесі Марк Хольцманның ресми түрде басқарма төрағасының қызметіне тағайындады. «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесімен Хольцман мырзаны бұл лауазымға сайлау туралы шешім 2016 жылғы 28 сәуірде қабылданған болатын деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. 

Хольцман  Қазақстанның азаматы болмағандықтан, осы қызметті атқаруы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірқатар ресми рұқсат алуы және рәсімдерді атқаруы талап етілген еді. Ол 2015 жылғы наурыздан 2016 жылғы сәуірге дейін «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған және қазіргі уақытта Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

«Басқарма төрағасының лауазымына клиентке бет бұру ойын мақсат тұтқан, қолынан еліміздің үздік банктерінің бірінің ауыспалы үдерісіне жетекшілік ету келетін адамның тағайындалуы Қазкоммерцбанк үшін сәттілік деп есептеймін. Марк Хольцман Қазақстанда 22 жылдан астам уақыт белсенді және ауқымды түрде қызмет етіп келеді. Марк қойылған жаңа мақсат-міндеттерді бар күш-жігерімен орындап қана қоймай, ABN Amro және Barclays басқарма төрағасының орынбасары ретінде жинақтаған көпжылдық халықаралық жұмыс тәжірибесін пайдаланатынын Директорлар кеңесі аса бағалайтынын атап отыр», — деді Директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Ракишев.

«Осынау керемет команданың бір бөлігі болу мен үшін үлкен абырой мен мақтаныш, сондықтан мен басқарма төрағасы ретінде өз міндеттеріме кірісетін сәтті асыға күтемін. Қазақстанның озық қаржы ұйымы болғандықтан, біз өз клиентіміздің сенімін ақтау үшін күнделікті аянбай еңбектенуіміз қажет. Банктік қызмет үнемі өзгеруде және қадамдап ілгері алға басуда, қатарымызды көшпен түзеп клиенттерімізге көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту үшін бас күш-жігерімізбен жұмыс жасауымыз тиіс. Қызмет көрсету сапасын жақсарту біздің басты міндетіміз»,– деді өз сөзінде жаңа басқарма төрағасы.

Басқарма төрағасының қызметін атқаратын Марк Хольцманның 30 жылдан астам халықаралық жұмыс тәжрибесі бар, соның ішінде Barclays Capital және ABN AMRO Bank сияқты ірі әлемдік банктердің вице-президенті қызметін атқарған. 1994 жылы  Қазақстанда корпоративтік қаржыландыру саласында кеңес беру қызметін ұсынатын алғашқы компаниялардың бірін құруға атсалысты және 2006-2008 жылдары аралығында «Қазына» Тұрақты даму қорының Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Марк Хольцман Lehigh Университетінің экономика бакалавры дәрежесінің иегері.
2015 жылы қаңтарда Марк Хольцман тәуелсіз директор ретінде Қазкоммерцбанктің Директорлар кеңесінің құрамына кірді. 2015 жылғы наурыздан 2016 жылғы сәуірге дейін Қазкоммерцбанк Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 2016 жылғы 28 сәуірден Казкоммерцбанк Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.