Таңдаулы1

Қазмұнайгазға тиесілі ең ірі тікұшақ компаниясын 22 жастағы жігіт сатып алған

Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2017 жылдың қараша айында еншілесі «Евро-Азия Эйр» АҚ 100% акциясын 11,84 млрд теңгеге сатқан еді. Екі кезеңді конкурс нәтижесінде «Sky Logistics Service» ЖШС жеңімпаз болған.

2017 жылдың қаңтарында Шымкентте тіркелген компанияның құрылтайшысы 22 жастағы Бейбарыс Асембек болып шықты. Бұл туралы  Forbes.kz анықтаған. Жас бизнесменге бұдан бөлек «ДБЖ Альянс» ЖШС да тиеселі.

«Евро-Азия Эйр» – Қазақстандағы ең ірі тікұшақ компаниясы пайдалы қазбалар кен орны мен мұнайгаз құбырлары, электртасымалдау желілеріне қызмет көрсетумен айналысады. Компанияда 20 әуе кемесі, оның ішінде 11 Ми-8Т тікұшағы, 2 AS-365N3 (Франция) тікұшағы, 2  Challenger-850 және Challenger-870 (Канада) ұшағы мен, 4 Augusta Westland-139 (Италия) тікұшағы бар.

Аталған компанияны сатып алуға Тимур Күлібаев та қызығушылық білдіріпті. Тендерге Сингапурда тіркелген  Steppe Capital Pte. Ltd компаниясы арқылы Күлібаевқа 80%  тиеселі Prime Aviation де қатысқан. Тіпті бұл мақсатқа Steppe Capital Pte. Ltd-ден  $63 млн кредит те алған. Алайда кейін тендерге қатысудан бас тартып, қаражатты қайтарған. 

Tags

Осы айдарда

Close