«ҚазМұнайГаз» қызметкерлерінің 20%-ын қысқартады

Фото:life-list.ru

2017-2018 жылдары «ҚазМұнайГаз» АҚ ұлттық компаниясы қызметкерлер санын қысқартады. Бұл туралы Қазақстанның бас транспорт прокуратурасының отырысында «ҚазТрансГаз» АҚ-ның заң департамент директоры Владимир Борисов мәлімдеді.

Шара кезінде бас транспорт прокуроры Ыбырай Тілеуғалиев «ҚазТрансГаз» компаниясы тобында заң бұзушылықтар тіркелгендігін, ал соңғы екі жылда 4 мыңнан аса қызметкер қысқартылғанын атап өтті. «Негативті жағдайларды жұмсарту үшін қандай жұмыс жүргізіліп жатыр? Компанияңызға қатысты үлкен наразылық жоқ, бірақ кемшіліктердің бар екені рас. Кім түсіндіреді? «ҚазМұнайГаз» компаниясымен байланыс арқылы ресми түрде үлкен көлемдегі қызметкерлердің қысқаратыны белгілі болды», — деді ол.

Өз кезегінде Владимир Борисов мұның үлкен мәселе екендігін және қазір барынша жан-жақты қарастырылып жатқандығын атап өтті. «Әрине, бұл «ҚазМұнайГаздың» барлық компанияларына қатысты. Мәселе үлкен. Біз басшылықты тыңдап, өз қаупімізді білдірдік. Бірақ әлі де жұмыс істеуді талап етеді. Бірінші жартыжылдықта қысқарту болмайды, бірақ жыл қорытындысы бойынша кем дегенде 20% қысқартылады. Бірақ осы жылы емес, келесі жылдары 2017 жылдардың соңында орын алуы мүмкін», — деді «ҚазТрансГаз» АҚ-ның заң департаментінің директоры.