«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ— қазақстандық ұлттық мұнай компаниясы. Толық атауы — «ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы. Штаб-пәтері — Астана қаласында.
Компания 2002 жылы 20 ақпанда Қазақстан Республикасының президенті жарлығымен «Қазақойл ұлттық мұнай компаниясы» ЖАҚ мен «Мұнай және газ транспорты ұлттық компаниясы» ЖАҚ-тың бірігуі арқылы құрылған. Сондықтан өзіне дейінгі компаниялардың құқықтық мирасқоры болып келеді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мұнай тасымалының 65%, газ тасымалының 100%, танкерлік тасымалдың 50% қамтамасыз етеді. Құбыр желісімен мұнай тасымалын «ҚазТрансОйл» АҚ, газ тасымалын «ҚазТрансГаз» АҚ, танкерлік тасымалдарды «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» жүзеге асырады. Сонымен бірге, «ҚазМұнайГаз» еліміздегі ең ірі жұмыс беруші компаниялардың бірі саналады. Бүгінде компанияда 80 000 адам қызметкер жұмыс жасайды.
2011 жылдың желтоқсан айында компанияның Карашығанақ мұнай-газ кен орны бірлестігінің құрамына кіру туралы келісімге қол қойылды. Бірлестік қатысушыларының үлесі мынадай: British Gas бен ENI-де 29,25 %, Chevron — 18 % және «Лукойлда» — 13,5 %.
Компания акцияларының 100 %-ы » Самұрық-Қазына мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдинг» АҚ-ның қол астында.
Директорлар кеңесінің төрағасы — Куилаарс Фрэнк, басқарма төрағасы — Сауат Мыңбаев.
Еншілес ұйымдар:
Мұнай мен газды барлау және өндіру:
Қаржылық көрсеткіштер бойынша:
- 2013 жылы кіріс көлемі негізгі қызмет бойынша 10%-ға өсті. Кіріс көлемі — 3 трлн. 257 млрд теңге.
- 2013 жылдың қорытындысы бойынша ҚазМұнайГаздың таза табысы 456,8 млрд теңгені құрап, 24%-ға артты.
- 2013 жылы компания республика бюджетіне 622 млрд теңге көлемінде салық пен төлем жасады.
Өндірістік көрсеткіштер:
Мұнай және газ конденсаты өндірісі — 16,73 млн тонна
Газ өндірісі — 3,42 млрд шаршы метр
Мұнай тасымалы — 46,022 млн тонна (құрлық) және 7,235 млн тонна (теңіз)
Газ тасымалы — 77,98 млрд шаршы метр құрады.