«Қазмедиа орталығының» басшысы үшінші рет ауысты

604

«Қазмедиа орталығы» Басқарушы компания» ЖШС-ның бас директоры болып Мірболат Аюпов тағайындалды. Компанияның экс-директоры өз еркімен қызметінен кетті деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

М.Аюпов осыған дейін «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдинг» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметінде болған. Сондай-ақ, «Алтел» АҚ бизнесін дамыту бойынша вице-президент (2005-2007), «Транстелеком» президенті (2009-2012) қызметтерін атқарған. 2012 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның мобильді байланыс бойынша атқарушы директоры ретінде тағайындалды.

Айта кетейік, өткен жылдың соңынан бері «Қазмедиа орталығының» директоры 3-рет ауысып отыр.