Бүгін Қазақстандағы «бензин дағдарысы» аяқталуы керек

бензин дағдарысы

Алматы. 12 қазан. 7kun.kz — Бүгін Қазақстандағы «бензин дағдарысы» аяқталуы керек.

Естеріңізге салайық, ҚР Энергетика экс-министрі Әсет Мағауов қызметінен кетер алдында «12 қазан күні елге жететін көлемде бензин жеткізіліп, талонмен сатылу тоқтайды», деген еді.

Оның айтуынша Ресейден келетін бензин көлемі артқан. «Газпромнефть-Казахстан» 20 мың, ҚМГ 10 мың тонна сатып алуға шарт жасаған, тағы 20 мың тоннаға шарт дайындап жатыр. Helios пен Sinooil 40 мың тонна бензин жеткізуі тиіс. Осылайша бүгін елімізге 100 мың тонна бензин жеткізілуі керек.