БҰҰ Индонезияға 15 млн доллар бөлді

8
БҰҰ
Фото: ria.ru

Алматы. 3 қазан. 7kun.kz – БҰҰ Индонезия билігіне 1,2 мың адам қаза тапқан жер сілкінісінің салдарын жоюға және одан кейінгі цунамиге көмек ретінде 15 миллион доллар бөлді. Бұл туралы ұйымның гуманитарлық мәселелер жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Индонезия үкіметі табиғи апаттармен күресу үшін жақсы жабдықталған және тәжірибесі жеткілікті, бірақ кейде барлық басқа елдерде сияқты сыртқы көмек қажет», — деп  түсініктеме берді БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер жөніндегі бөлімшесінің басшысы Марк Лукок.

Оның айтуынша, Индонезияға төтенше жағдайдың масштабы мен күрделілігіне байланысты қолма-қол ақша қажет. Ол әртүрлі БҰҰ агенттіктерінің индонезиялық билік органдарымен тығыз байланыста жұмыс істеп, адаммдардың өмірін құтқаруға көмектесетінін түсіндірді.

Қыркүйектің 28-і күні таңертең Сулавеси аралына жақын жерде 6,1 магнитудалық жер сілкінісі болды. Кейінірек 7,5 балл жер сілкінісі болды. Олардың артынан бірқатар соққылар болды, олардың жалпы саны жексенбіде 170-ге жетті. Соққылар цунами толқынын биіктігі 6 м-ге дейін көтерді. Палу қаласы және оның айналасындағы ауылдар ең көп зардап шекті. Нәтижесінде 1,2 мыңнан астам адам қаза тапты.