«Бәйтерек» холдингі орта бизнесті дамытуға банктерді жұмылдырады

«Бәйтерек» холдингі орта бизнесті дамытуға банктерді жұмылдырад

«Бәйтерек» ұлттық холдингі» АҚ орта бизнес кәсіпорындарын қолдау бағдарламасына екінші деңгейлі банктерді де  жұмылдырмақшы. Бұл туралы Холдингтің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев мәлімдеді.

«Біздің басты мақсатымыз компанияның дамуына, шикізатсыз экспорт көлемін ұлғайтуға ықпал етіп, компанияға жоғары жалақылы қызмет орындарын құруға көмек беру», — деді ол Астанадағы басқарма комитетінің отырысында.

Ұлттық холдинг басшысының айтуынша, бұл кезеңдегі негізгі басымдылық азық-түлік, көлік құрау, құрылыс материалдарын шығару бағытындағы бизнес өкілдеріне беріледі.

«Біз бұл жұмысқа тұрақты тұтынушыларының арасына өз клиенттерін ұсыну үшін,  екінші деңгейдегі банктерді тартқымыз келеді.  Сондай-ақ мемлекет тарапынан бөлініп отырған  қаржыны осы банктердің тұрақты клиенттері арқылы игере аламыз», — деді холдинг басқармасының төрағасы.

Холдинг тарапынан қолдауға  2 млрд теңге немесе одан да жоғары  көлемдегі активтері бар, соңғы 3  жылда тұрақты түрде өсім көрсетіп отырған  және 200-ден кем емес жұмыс орны бар  орта бизнес өкілдері ие бола алады.