БАҚ арасында жүлде қоры 1 млн теңгелік байқау жарияланды

байқау
Фото: pravda.ru

Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz — Алматы қалалық дін істері басқармасының әлеуметтік маңызды жобалары негізінде Ұлттық журналистік зерттеу орталығы дін саласындағы өзекті мәселелерге байланысты журналистер арасында үздік шығармаларға байқау жариялайды.

Байқауға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті қолдау танытып отыр. Байқау 2017 жылдың 1 маусымы мен 1 қазаны аралығында ұйымдастырылады. Жеңімпаздарды марапаттау 18 қазан – ҚР рухани келісім күні мерекесі қарсаңында Алматы қаласында өтеді. Жүлде қоры қоры – 1 000 000 теңге.

Бұл жарысқа Алматы қаласында тіркелген БАҚ-тағы кез келген журналист қатыса алады. БАҚ басшылығының рұқсаты талап етілмейді. Байқау екі тілде өтеді. Журналистер 2017 жылғы 1 маусымнан бастап 1 қазан аралығында жарияланған материалдарын жолдауы тиіс.

Басты қойылатын талап – Қазақстанның зайырлы мемлекеттік құрылымын қарапайым әрі ұғынықты тілмен түсіндіру, мемлекеттік саясаттың заңнамалық талаптарын ұғындыру, діни экстремистік ағымдарды әшкерелеу, дәстүр мен діннің өзара байланысын жеткізу, діни экстремизмнің алдын алу, теріс діни топтардың идеологиясы мен олардың зияндығын ашып көрсету.

Қандайда бір діни ұстанымды немесе дінді насихаттауға бағытталған материалдар қабылданбайдs7

Барлық сұрақтар бойынша, 87775654078 байланыс нөміріне хабарласу арқылы біле аласыздар.