БАӘ шетелдіктерге ел аумағында бизнестің 100%-ын иеленуге мүмкіндік береді

64
БАӘ
Фото: goodfon.ru

Алматы. 3 шілде. 7kun.kz — Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) билігі жаңа инвесторларды тарту мақсатында шетел азаматтарына экономиканың түрлі салаларындағы жергілікті компаниялардың 100%-дық үлесін иеленуге рұқсат береді.

Федералдық үкімет жеке әмірліктерге «жағдайға байланысты әрбір мекемеде үлестік қатысу пайызына қатысты шешім қабылдауға» мүмкіндік береді, деп жазды БАӘ премьер-министрі және Дубай әмірі Мохаммед ибн Рашид Аль Мактум Twitter-де.

«Біз жаңа экономикалық секторларға қол жеткізіп, жаңа шетелдік инвесторларды тартқымыз келеді», — делінген хабарламада.

Жаңа ережелер шетелдік инвесторлардың жергілікті компанияларда 49%-дан артық үлестерді иеленуге тыйым салуды қарастырған федералдық талапты жояды.

Шетелдік инвесторлар компаниялардың көптеген секторларында, соның ішінде ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік, сондай-ақ ойын-сауық индустриясы мен жаңартылатын энергетика секторында 100% үлеске ие бола алады.