Байғали Серкебаевтың өкілі казино туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Байғали
Фото: http://imja.name/

Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz —  Байғали Серкебаевтың өкілі әншіге тиеселі мейрамхана ішінен жасырын казино табылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

A’Studio тобының PR-менеджері Виктория Нуриеваның айтуынша аталған ғимаратқа Серкебаевтың еш қатысы жоқ. «Байғали Серкебаев ол мейрамханада 2014-2017 жылдар аралығында жас музыканттарды анықтап, қолодау мақсатымен Emporio Music Fest фестивалін өткізген. Бұдан кейін серіктестік тоқтаған.

Қазіргі кезде Серкебаев фестивалді өткізу үшін жаңа алаң іздестіруде», -деп хабарлады Нуриева. Айта кетейік бұған дейін Mash Telegram-каналы Emporio мейрамханасының ішінен жасырын казино табылғанын хабарлаған. Бұдан кейін бұл мейрамхана белгілі музыкант Байғали Серкебаевқа тиеселі деген ақпарат тараған еді.