Байқоңырда туристерге арналған инфрақұрылым құрылады

инфрақұрылым
Фото: Сыр бойы

Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – Байқоңырда қонақ үй қоры кеңейтіледі. «Қаланы дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы» аясында келесі 7 жылда толық туристік инфрақұрылым құрылады.

Қонақ үйлер құрылысын, бақылау алаңдарын, сондай-ақ ғарыш айлағына және жұлдызды қаланың сыртындағы объектілерге баратын қауіпсіз жолдарды жасау жоспарланып отыр. Мысалы, шетелдік туристер Қорқыт Ата мемориалдық кешеніне барып, Камбаш көлінде демала алады.

Сонымен қатар, қонақтарға ыңғайлы болу үшін виза мен рұқсат алу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі. Қазіргі уақытта «Байқоңыр» ғарыш кешеніне ресми сапар ұйымдастыратын туроператорлардың тізімі жасалды. Олардың ішінде қазақстандық агенттіктер де бар.