ЖаңалықтарТаңдаулы1

Байқоңырдан ұшқан спутник жоғалып, қайта табылды

Алматы. 31 желтоқсан. 7kun.kz — Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған ресейлік «Ангосат» спутнигі жоғалып кетіп, қайта табылды. Бұл туралы ресейлік бірқатар БАҚ хабарлады.

Байланыстың бірнеше сағатқа үзілуіне басты себеп — спутниктің бортындағы ресей мен франциялық құралдардың стандаттарының сәйкес болмауы. Спутник геостационарлық орбитада тоқтау нүктесіне шыққан. Бұдан кейін ресей мен франциялық регламенттердің сәйкеспейтіні анықталған.

Спутник «Зенит-2SБ» тасымалдаушы ракетасымен 26 желтоқсанда орбитаға шығарылған. Бір күннен кейін спутникпен байланыс үзілген.

Кейін америкалық әскерилер спутниктің орбитадағы орнын анықтаған. Бұдан кейін байланыс қайта орнаған.

Спутник Анголаның тапсырысы бойынша «Энергия» РЖК құрастырылған.

Tags

Осы айдарда

Close