Банк активтері дегеніміз не?

Банк активтері дегеніміз – пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттары. Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды.

Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:

  • касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
  • берілген несиелер;
  • бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
  •  банктің ғимараты мен жабдықтары.

Банк активтерінің өсуі экономикаға және жеке тұлғаларға берген несиелер көлемінің артуымен байланысты болды. Сондай-ақ, банк активтері өскен сайын банктің капиталы да сәйкесінше өсуге тиіс.