Банк сотқа берген жағдайда төленетін кредитке жеңілдік беріле ме?

1074
банк
Фото: redolg.ru

Сәлеметсіз бе! Белгілі бір банктен (белгілі бір себептермен банк атауы көрсетілмейді) 600 мың теңге кридет алдым. Бір жылдай айына 40 төлеп тұрдым. Жұмыстан босатылған кезде банкке барып тоқтата тұруын сұрадым. Сол кезден бастап пайызы өсіп кеткен. 3 жыл бойы төлемедім. Жұмысқа кіріп едім банк картамды жауып тастады. Қазір ешқандай ақша төлеп жатқан жоқпын. Енді банк қызметкерлері мені сотқа береміз деп хабарласып жатыр. Егер мені сотқа берсе төленетін кредитке жеңілдік бере ме?

Ахметова Лидия, әлеуметтік желі арқылы жолданды

Лидия, сізбен банктің арасында қарыз алу шарты жасалған. Осы шарттың талаптарына сәйкес сізге банк несиені белгілі бір мерзімге, ай сайынғы төлемдермен тізім жасап берген. Осы төлемдердің уақтысын өткізіп алған себепті пайызы мен айыппұл мөлшері өсіп кетуі сөзсіз, өйткені бұл банкінің таза пайдасы.

Қазіргі таңда картаңыз 100 пайызға бұғатталып тұрған болса, банкінің бұл іс әрекеті біздің ата заңымызға және басқа да заңнамаларымызға қайшы келеді, өйткені сіздің 50 пайыздан артық жалақыңызды ешкімнің ұстауға құқығы жоқ. Тіпті сіздің жалақыңыздың 50 пайызын ұстау үшін де, заңды күшіне енген соттың шешімі керек. Сот шешімі болмай негізгі заңнамалар бойынша, яғни жоғарыда аталып кеткен ата заңымыз және азаматтық кодекске сәйкес ешкім біреудің жалақысынан ұстауға құқылы емес.

Ендігі кезекте сізге банктің іс әрекетінің заңсыздығын даулап, картаңызды бұғаттан шешу үшін сотқа талап арыз жазу керек. Бұл үшін сізге білікті заңгердің көмегі қажет (біздің сізге беретін кеңесіміз, жалақысыз отырмай, тез арада сотқа арызданыңыз).

Банктің сотқа бергеннен кейін, төленетін кредитке жеңілдік берілуі келесідей орын алады. Банк сізді сотқа беруінен мүлдем қорықпаңыз, тіпті сотқа бергені керекте. Сотқа берген жағдайда банктің үстеме пайыздары мен айыппұлдары тоқталтылып, сот сіз төлейтін нақты сомманы бекітіп береді, ал қазіргі таңда ол сомма нақты емес, әрқашан өсіп отырады. Сот шешімімен бекітілген ақша көлемін банк көбейте алмайды. Ендігі кезекте соттың шешімін өзіңіз ай сайын айлығыңыз жартысын төлеп тұрасыз немесе сот орындаушы сіздің бухгалтерияңыз арқылы жалақыңыздың жартысын өндіріп отырады.

Егерде сіздің кәмелетке толмаған балдарыңыз болса, ондай жағдайда ай сайынғы сот шешімімен ұсталынатын ақша соммасын азайтуға болады, әрине заңгердің көмегімен

Басқа да түсінбеген сұрақтарыңызбен жұмыс күндері осы телефон арқылы хабарласа аласыз: 8 701 887 55 81

Сұраққа жауап берген «Заң Ақиқат» заңгерлік компаниясының заңгері — Жанат Маликбаевич Бутинбаев.


Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 700 973 8377 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.