Сәлеметсіз бе! Мен 2 жыл бұрын белгілі бір банктен (белгілі себептермен банк атауы көрсетілмейді) карточкаға аудару арқылы 300 мың теңге кредит алдым. Сол кредитті 3 жыл болды әлі құйып жатырмын. Басында 18000 мыңнан төлеп тұрдым. Жұмысым жабылып қалған соң кешіктіріп төлегеннен кейін 11300 теңгеден төледім. Осыдан соң 1 жыл 5000 теңгеден төлеп келдім. Бірақ 5 мыңнан төлегенімді банк қысқартпады. Енді 11300 теңгеден қайта төлеңіз дейді. Әлі 245000 мың теңге қарызым бар дегенді айтады. Мұндай жағдайда не істеуге болады?
Мереке Бекетова, әлеуметтік желі арқылы жолданды
Мереке, осы карталық кредит алу арқылы сізбен банктің арасында қарыз алу шарты жария түрде жасалған болып есептеледі. Осы шарттың талаптарына сәйкес сізге банк несиені белгісіз мерзімге, ай сайынғы тек пайыз төлемдерін жасау шартымен берген, яғни сіз тек қана ай сайын пайыз төлейсіз, негізгі қарыз одан кемімейді, тіпті отыз жыл төлесеңізде. Бұл жағдайда сізге банктен қанша негізгі қарыз, пайыз қалғанын біліп соның барлығын бір төлеммен жабуыңыз керек. Тек сонда ғана қарызыңыз толығымен жабылады. Ондай жағдайда сіз банктен қарызы жоқ деген анықтама алып алғаныңыз жөн болады.
Ал егер сіздің бұл қарызды толық жабуға шамаңыз келмесе, онда біздің сізге беретін кеңесіміз ай сайынғы төлемдеріңізді тоқтатыңыз. Себебі бөліп төленген төлемдеріңіз тек айыппұлдарды (пенья), пайыздарды жабуға кетеді, негізгі қарызыңыз қала береді. Бұл сізге мүлдем тиімсіз. Банктің немесе коллекторлық ұйымның қорқытуларыннан қорықпаңыз, өйткені көп жағдайда банктер, коллекторлық компаниялар өз міндеттерін атқару барысында көптеген заңсыздықтарға баруда. Егерде шектен шығып жатса, мысалы сіздің несиеңіздің құпиялы мәліметтерін бөгде мекемелерге, адамдарға жарялап жатса, немесе сіздің несиеңіз бойынша жалған ақпарат берсе, қорқытса, ар намсықа тиетін сөздер айтса, мұндай әрекеттері үшін құқық қоғау органдарына шағымдансаңыз болады.
Сізге айтарымыз, несие бойынша сізді сотқа беруінен мүлдем қорықпаңыз, тіпті сотқа бергені керекте. Сотқа берген жағдайда банктің үстеме пайыздары мен айыппұлдары тоқталтылып, сот сіз төлейтін нақты сомманы бекітіп береді, ал қазіргі таңда ол сома нақты емес, әрқашан өсіп отырады. Сот шешімімен бекітілген ақша көлемін банкте коллекторлық ұйым да көбейте алмайды. Ендігі кезекте соттың шешімін өзіңіз ай сайын айлығыңыз жартысын төлеп тұрасыз немесе сот орындаушы сіздің бухгалтерияңыз арқылы жалақыңыздың жартысын өндіріп отырады.
Егерде сіздің кәмелетке толмаған балдарыңыз болса, ондай жағдайда ай сайынғы сот шешімімен ұсталынатын ақша соммасын азайтуға болады, әрине заңгердің көмегімен.
Басқа да түсінбеген сұрақтарыңызбен жұмыс күндері осы телефон арқылы хабарласа аласыз:8 701 887 55 81
Сұраққа жауап берген «Заң Ақиқат» заңгерлік компаниясының заңгері — Жанат Маликбаевич Бутинбаев.
Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 700 973 8377 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.