ВТБ Қазақстан зейнетақы жинағынан бөлінген 500 млн теңгені игерді

втб
Фото: finsovet.org

Банк ВТБ (Қазақстан) БЖЗҚ бағдарламасын жүзеге асыруда 500 млн теңгеден артық соманы игерді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Банк экономика саласының мынадай кәсіпорындарды: құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнімдерін сату және қызметтер саласын қаржыландырды.

«Мемлекеттік шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы аясында БЖЗҚ қаражатынан біздің компания ВТБ (Қазақстан) Банкінің 242 000 000 теңге сомасына кредиттік желіні ашты. Алынған қаражат өндіріс қуатын арттыруға, сонымен қатар құрылыс бойынша жеңіп шыққан тендер аясында ғимараттарды тұрғызуға бағытталады», — дейді банк талаптары бойынша қаржыландыруға ие болған «Фирма «Азия» ЖШС басшысы Сауле Дускужанова.

БЖЗҚ бағдарламасы аясында, Банк ВТБ (Қазақстан) соңғы қарыз алушылар үшін 36 айдан артық емес мерзімге жылдық 19% атаулы сыйақы мөлшерлемесімен теңгеде қарыз береді. Кредиттің максималды сомасы жоба экономиканың қай саласында жүзеге асырылатынына байланысты болады.