Банктер кредиттің коллекторларға берілгенін ескерту керек пе?

кредит
Фото: aif.ru

Кредит коллекторларға берілген жағдайда банктер оны қарыз алушыға ескертуі міндетті ме?

Балжан Қуандыққызы, әлеуметтік желі арқылы жолданды

Балжан Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған құжаттарға сәйкес, банктің қарыз алушға қарыздың коллекторға берілетіні жөнінде ескерту жасау керектігі туралы туралы талап «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 19 Қаулысында» бекітілген.

Сонымен ережеге сәйкес, Банктік қарыз шартында банктің банктік қарыз шарты бойынша құқығын (талап ету) үшінші тұлғаларға беру құқығы (талап етуді беру) көзделген жағдайда, банк құқығын (талап етуді) табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде ол туралы борышкерді (оның уәкілетті өкілін) тапсырылған құқықтарының (талап етудің) толық көлемін, сондай-ақ негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялық ақының, тұрақсыздық айыбының, айыппұлдардың және мерзімі өткен және ағымдағы сомаларын және төленуі тиіс басқа сомаларының қалдықтарын және заемды өтеу бойынша бұдан кейінгі төлемдердің мақсатын — банкке немесе құқықтары (талап ету) берілген тұлғаға екенін көрсете отырып, жазбаша хабардар етеді.