Бақыт Сұлтанов Астана әкімі болып тағайындалды

17
сұлтанов
Фото: zakon.kz

Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz – Астанаға әкім тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Бақыт Сұлтанов бұған дейін қаржы министрі қызметін атқарды.

Ал кеше қаланың бұрынғы әкімі Әсет Өрентайұлы Исекешев ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған болатын.