Барак Обама Конгресске 2016 жылға арналған бюджет жобасын жіберді

469
Барак Обама Конгресске 2016 жылға арналған бюджет жобасын

АҚШ президенті Барак Обама Конгресске  2016 жылға арналған бюджет жобасын жіберді.  Жобаға бекітілген қосымшада мемлекеттік шығындарға  4  трлн доллар, кіріс 3,525 трлн доллар көлемінде болады деп жазылған.

Қаржы жобасының жоспары бойынша  жаңа салықтар енгізілуі арқылы АҚШ-тың бюджеті  10  жыл ішінде  1,44 трлн долларға толығуы қажет. Сондай-ақ 2015 жылы 17,7% құраған ЖІӨ 2025 жылы 19,7%-ге дейін өседі деп қарастырылып отыр.

The Washington Post басылымының жазуынша, Барак Обаманың бюджеті Америкадаға ең дәулетті азаматтар мен орта таптың арасындағы табыс көлемін азайтуға да бағытталған. Сондай-ақ президент денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қорды алдағы он жылда  430 млрд долларға дейін қысқартуды ұсынады.

Ал сарапшылардың айтуынша, республикандықтар басқарып отырған  Конгресстің екі палатасында да қаржы жоспарын талқылау қызу түрде өтпек. Олар президент тарапынан тағы да «қосымша шығындар жұмсалып, салық көбейіп, мемлекеттік қарыздың көбейгендігіне» наразылық білдіруде.  Барак Обаманың өзі құжатты «партиялық мүддені қолдайтын емес, ыңғайлы» деген баға берді.