Бас банк жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады

15
жекелеген
Фото: russian.china.com

Алматы. 23 қазан. 7kun.kz – Ұлттық банк 2018 жылғы 12 қазаннан 19 қазан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады, — деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

2018 жылғы 19 қазандағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 1%-ға нығайып (370,03 -тен), 366,43 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 12 қазаннан 19 қазан аралығында маңызды оқиғалар ФРЖ-нің қыркүйектегі отырысының хаттамасын, АҚШ президенті Д.Трамптың Қытайға қарсы сауда-саттық баждарын қатайтуға қатысты түсініктемесін жариялау, АҚШ-та бөлшек сауданың және тұрғын үй секторы индикаторларының өсуі бойынша экономикалық деректерді жария ету, мемлекеттік борыштың жоғары болуы аясында Италияның ұсынып отырған айтарлықтай бюджет тапшылығына қатысты инвесторлардың алаңдаушылығы болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының әлемдік нарықтарда нығаюына әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

Мексика песосы АҚШ президенті Д.Трамптың егер Мексика мигранттарды тежеу бойынша шаралар қолданбаған жағдайда оңтүстік шекараны толық жабу үшін АҚШ-тың Қарулы Күштерін қолдану мүмкіндіктері туралы қауіп төндіруі аясында 2,2%-ға (18,86-дан 19,28-ге дейін) әлсіреді;

Индонезия рупиясы 00,1%-ға (15 197-ден 15 187-ге дейін) нығайды;

Үндістан рупиясы ұлттық валюта бағамын қолдау аясында мұнай нарығындағы мұнайды тұтынушылар мен халықаралық өндірушілер арасындағы есеп айырысулар талаптарын қайта қарау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы премьер-министр офисінің жарияланымы шеңберінде 0,3%-ға (73,57-ден 73,33-ке дейін) нығайды;

Оңтүстік Африка рэнді шетелдік инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуы, сондай-ақ опциондар нарығында трейдерлердің қысқа позицияларды азайтуы аясында 0,8%-ға (14,52-ден 14,41-ге дейін) нығайды;

Ресей рублі АҚШ-тың Әділет министрлігінің алдағы АҚШ Конгрессіне аралық сайлауға араласуы бойынша топтарды үйлестіргеніне РФ азаматы Елена Хусяйноваға қарсы айыптауға қарамастан 0,9%-ға (66,06-дан 65,46-ға дейін) нығайды. Оған жауап ретінде РФ Сыртқы істер министрлігі бұл істің Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу мүмкіндігі үшін қолдан жасалған деп мәлімдеді;

Бразилия реалы әлеуметтік — либералдық партиядан кандидат Жаир Болсонарудың алдын ала сауалнаманың нәтижелері бойынша президентікке кандидаттардың көшін бастауын сақтап қалуы аясында 1,9%-ға (3,78-ден 3,71-ге дейін) нығайды. Сайлаудың екінші туры 28 қазанда өтетін болады.

Түрік лирасы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның пастор Эндрю Брансонның босатылуына байланысты кейбір санкциялардың ықтимал жеңілдеуі туралы мәлімдемесінің аясында 3,9%-ға (5,87-ден 5,64-ке дейін) нығайды. Пасторды босатудан бас тарту АҚШ-тың Түркияға қарсы санкциялық саясатының негізгі себебі болған.