Батыс Қазақстанда индустриалды аймақ құрылады

435
Батыс Қазақстанда индустриалды аймақ құрылады

Батыс Қазақстан облысында индустриалды аймақ құрылады деп хабарлады журналистерге инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев.

«Әкімдік осы жылы техникалық-экономикалық негіздеу мен жобалық-сметалық құжаттаманы жасады және инвесторлар үшін жаңа индустриалды алаңды құру мақсатында біз жобаны бюджет арқылы қосымша қаржыландыратын боламыз», — деп мәлімдеді Ә.Исекешев.

Облыстық кәсіпкерлер басқармасының жетекшісі Аслан Жақыповтың облыстық мәслихат сессиясында айтып өткеніне сүйенсек, қазіргі кезде түріктердің «Актур групп» холдингімен келіссөздер жүргізілді, бұл холдинг индустриалды аймақтың даму концепциясын әзірледі.

«Осы кезден-ақ 4 инвестор индустриалды аймақта өз өндірістерін ашуға ықылас танытты «,- деп хабарлады А.Жақыпов.