Bek Air ұшағы апатқа ұшырап, 9 адам қаза тапты

105
Әділет
Фото: airlines-inform.ru

Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz — Bek Air әуекомпаниясының ұшағы Алматы әуежайынан тыс жерде апатқа ұшырады. Апаттан қаза тапқандар саны тоғыз адамға жетті.

«Апаттан тоғыз адам қаза тауып, тоғыз адам зардап шекті, оның ішінде алты бала бар», — деп хабарлады ҚР ІІМ.

Бұған дейін Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясы ұшағының радардан жоғалып кеткен хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.

Өз кезегінде, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда болған әуе апатында қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.

«Бүгін таңертең, 27 желтоқсанда Алматы маңында ұшақ құлаған кезде қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі», — деп жазды Президент Twitter-де.

Сонымен қатар, ол премьер-министр Асқар Мамин бастаған үкіметтік комиссия құрылғанын атап өтті.

«Барлық кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.