Беларусь елі Панфилов ауданы арқылы Қытайға өз тауарын шығармақ

83
Беларусь

Алматы. 24 қазан. 7kun.kz — «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Беларусь елінің тауарлары сатылатын арнайы сауда орталығы ашылды. Бұл туралы Алматы облысы Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазірдің өзінде бұл еркін экономикалық сауда аймағында 20-дан астам компаниялардың өнімдері қойылған.

Беларусь Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары Александр Турчиннің айтуынша, жаңадан ашылған сауда павилоны арқылы Қытай нарығына қандай тауар керектігі зерттеледі.

«Егер біздің өнімдерге сұраныс артып жатса Алматы обысында Беларусь елінің өнімдерін өндіретін боламыз, — деді Александр Турчин .

Беларусь елінің Қытайға өз өнімдерін мұхит арқылы бір айдан астам уақытта, «Құрғақ порт» арқылы 15 күнге тасымалдау мүмкіндігі бар.

Өз кезегінде Алматы облысы әкімі Амандық Баталов Александр Турчинға «Nur joly» және «Құрғақ порт» бекеттерінің жұмыстарын таныстырды.

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстан мен Беларусь арасында 1 млрд теңге сауда-саттық жасалған.