Бензин литріне 150 теңге деңгейінде болады – Бозымбаев

Бозымбаев
Фото: energonews.kz

Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында тауарбастылық, барлық резервуардың толып қалуы қаупі туындады. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Ведомство басшысының айтуынша, қазір Қазақстанда бензин тапшылығы байқалады, ол қаңтар айынан басталды.

«Қазірдің өзінде Шымкент мұнай өңдеу зауытының барлық резервуарның лық толу қаупі туындап тұр. Жалпы елде де солай. Сондықтан мұнай өңдеу зауыттарына жүктемені төмендетті. Бүгінде бензин бағасы реттелмейді, литрі шамамен 150 теңге төңірегінде болады», — деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың желтоқсанында сарапшылар 2019 жылы бензин бағасының өсуін болжаған болатын.

Сонымен қатар, Энергетика министрлігі Ресейден Қазақстанға теміржол көлігімен бензин жеткізуге тыйым салуды үш айға ұзартатын құжат дайындады. 2018 жылдың 20 тамызында Ресейден Қазақстанға теміржол көлігімен бензинді әкелуге конвенциялық тыйым салынды. Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, АЭС құру кезінде ЕАЭО аясындағы саудадан мұнай өнімдерін алып тастау туралы шешім қабылданды. Жанар-жағар май бойынша екі жақты шарттар аясында сауданы жүзеге асыру ұйғарылды.

Ал, Алматының жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин арзандап үлгерді. Бұрынғы барлық жанар-жағар май станцияларында литр 156 теңгені құрады. Қазір бірнеше жанар-жағар май құю станциялары АИ-92 маркалы бензинін 147-149 теңге мөлшерінде ұсынады. «ҚазМұнайГаз» АҚ-та жанар-жағар майдың ең танымал түрі 152 теңгені құрайды, осы баға бойынша оны Helios-та сатады.