Берік Мұхамбетжанов «ҚазАгро» директорлар кеңесі құрамынан шықты

«Шұбаркөл көмір»
Фото: biwork.ru

Алматы. 24 шілде. 7kun.kz – «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамынан Берік Мұхамбетжанов өз еркімен кетті. Бұл туралы ақпарат KASE сайтында хабарланды.

Енді холдингтің Директорлар кеңесі сегіз адамнан тұрады: Жеңіс Қасымбек, Сапархан Омаров, Руслан Дәленов, Берік Шолпанқұлов, Ербол Қарашүкеев, Ораз Жандосов, Жанна Егімбаева, Ербол Есенеев.

1993 -1997 жж.  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде жұмыс істеді.

1997-1998 жж.  БТА Банкте (бұрынғы — «Банк ТұранӘлем» АҚ).

1998 жылдан бастап 2006 жылғы наурызға дейін «HSBC Банк Қазақстан» АҚ: алғашында қаржы бақылаушысы орынбасары, ал 2003 жылдан бастап — қаржы бақылаушысы, Басқарма мүшесі.

2006 жылы «Самұрық» холдингінде Аудит департаменті директоры.

2007 жылдан бастап  ЕАДБ Жоспарлау және есеп басқармасы  бастығы, 2010 жылдың қыркүйегінен бастап қаржы жөніндегі басқарушы директор лауазымына ауыстырылды. 2010 жылғы желтоқсанда ЕАДБ Басқарма құрамына кірді. Еуразия даму банкі Басқарма мүшесі, қаржы жөніндегі басқарушы директоры.

2019 жылдың сәуір-шілде айлары аралығында – «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры.