Берік Уәли Назарбаев өкілеттігінің кеңеюіне түсініктеме берді

77
Берік Уәли
Фото: rcpp.kz

Алматы. 22 қазан. 7kun.kz — ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының 2019 жылғы 9 қазандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына түсініктеме берді.

«Бұл құжат БАҚ-та түрлі пікірлер мен түсіндірулер тудырды. Менің ойымша, бұл Президенттің «кезекші» Жарлығы. Оған қол қою 2018 жылдың шілдесінде қабылданған Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа заңның ережесімен түсіндіріледі. Заңда бұл алқалы органның өкілеттігін күшейту көзделген, оның басқарушысы — Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев», — деп жазды ол Facebook-те.

Оның айтуынша, мемлекеттің негізгі фигураларын тағайындауды келісудің қолданыстағы тәртібі Президентке барлық кадрлық мәселелер бойынша дербес шешімдер қабылдауға кедергі келтірмейді, оны жақында «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында Тұңғыш президент те растады: «Тоқаев менімен кеңесіп, бірақ шешімді дербес қабылдайды».

«Президент Конституция бойынша — Жоғарғы Бас қолбасшы, үкіметті қалыптастырады, мемлекет басшысы, тиісті мәслихаттардың келісімімен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындайтын жоғары лауазымды тұлға», — деп түйіндеді Берік Уәли.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кадр саясатындағы өкілеттігін кеңейтетін Жарлыққа қол қойды.