Берлускони AC Milan футбол клубының 48% акциясын сатты

441

AC Milan клубына иелік ететін Сильвио Берлусконинің Fininvest компаниясы клубтың 48% акциясы Тайланд кәсіпкері Би Течауболға сатылғаны туралы мәлім етті. Құны 480 млн еуро болатын бұл мәміле 30 қыркүйек күні рәсімделуі тиіс. Бұл туралы Football Italia басылымы хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, Берлускони «россонери» акцияларының 52%-ына иелік етіп, клуб президенті болып қала береді. Директорлар кеңесінің құрамында Берлускони ортасының жеті өкілі және Течауболдың бес өкілі болады деген болжам жасалды.

Берлускони соңғы 29 жыл AC Milan президенті қызметін атқарып келеді. Бұған дейін Течаубол келешекте AC Milan акцияларының 100%-ын сатып алғысы келетінін айтқан болатын.