Бір банкте кредитім бар, басқа банктен депозит аша аламын ба?

552
кредитім
Фото: minfin.com

СҰРАҚ: Альянс банкте 2006 жылдан бері қалған кредитім бар, енді басқа банктен депозит аша аламын ба?

Сәуле

ЖАУАП: 

Басқа банктен депозит ашуға кредитіңіздің болуы кедергі емес. Бірақ депозит ашылған соң, Альянс банктің өтініші бойынша немесе ұзақ жылдан бері төленбеген несие болса, сот шешімімен сіздің депозиттік шотыңызға тиым салып, қарыз соманы алып қоюы мүмкін. Сондықтан банкпен ескі арызыңызды қайтару жағын шешуге тырысыңыз. Мына материалмен де танысуды ұмытпаңыз Банктен қашпаңыз

Тақырыпқа сай басқа материалдар тізімі:

  1. Қарызды төлеген соң берілетін чектегі жазулар өшіп қалса не істеу керек?
  2. Үй жөндеуге, газ тартуға арнайы кредиттер жоқ па?
  3. 21 жастағы балаға банк бизнес бастауы үшін кредит бере ме?