Бір жыл ішінде Астанада 36 жаңа қонақүй ашылды

552
қонақүй
Фото: vogue.ru

Астана. 21 қыркүйек. 7kun.kz — 2016 жылдың қыркүйегінен бастап Астанада 36 жаңа қонақүй ашылған. Бұл туралы Астана қаласын дамыту және инвестициялар бойынша басқарма басшысы Әлішер Әбдіқадыров хабарлады.

Оның сөзінше, қонақүйлердің толтырымдылығы «ЭКСПО-2017» көрмесінің үш айында үш есе артқан.

«Туризм саласында 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Бизнес орта индустриясы ауқымды үлес қосты. Көп қонақ үйлер жоспарланған уақытында ашылды. Егер өткен жылы Астанада 165 қонақ үй жұмыс істесе, қазіргі уақытта 201 қонақ үй қызмет көрсетіп жатыр», — деді Әлішер Әбдіқадыров.

Ол хостелдердің саны 76-дан 95-ке дейін өскенін айтады. Одан бөлек, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде аймақ тұрғындары үшін Астанадағы ЖОО-да 6,5 мың орынды 16 жатақхана қолжетімді бағамен дайындалған.

Әлішер Әбдіқадыровтың мәліметінше, 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда, туроператорлардың қызметтеріне сұраныс 78 пайызға артып, «Astana City Pass турист картасын 30 мыңға жуық адам, аудиогидтарды 13 елден (Австралия, Малайзия, Сингапур, Словакия, Ресей, Әзірбайжан, Түркия, Германия, Қытай, Испания, Польша, Франция, Сербия) 12 мың адам пайдаланған.

Айгүл Хожантаева