ЖаңалықтарТаңдаулы1

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашық есік күні өтті

Алматы. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашық есік күні өтуде, деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.  

Шара қордың 20 жылдығына орай ұйымдастырылды. “Ашық есік күні” қалалар мен елді мекендерде таңғы сағат 10.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін азаматтар көкейінде жүрген сауалдарға жауап ала алады. Сондай-ақ қор мамандары келушілерге зейнетақы жүйесінің тарихы мен дамуы туралы біліп, сұрақтарын қоя алады.

Біздің тілшіміз Алматыдағы қордың бас кеңсесінде болып,  қор өкілдеріне сұрақ қойды. Қор өкілдерінің айтуынша ең басты жаңалық – 2019 жылдан бастап зейнетақы мөлшері артады. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 27 732 теңгені құрайды. Ал, базалық зейнетақы 36 108 теңгеге жетеді. 2019-2021 жылға арналған республикалық бюджетте осылай жоспарланып отыр.

Tags

Осы айдарда

Close