Биыл 200 теңгелік темір ақша айналымға шығады

23
энергетикалық
Фото: Kursiv.kz

Алматы. 5 қаңтар. 7kun.kz — Ұлттық банктің түсіндіруінше бұл айналымдағы ақшаның сапасын арттыру мақсатымен жасалып отыр.

«Банкноталар 1 — 1,5 жылда ескіреді. Номиналы жоғары банкноталар мен монеталар ұзақ уақыт айналымда жүреді. Олардың қызмет ету мерзімі шамамен 10-15 жыл», — дейді ҰБ.

Айналымға шыққан күннен бастап 200 теңгелік монеталар заңды төлеп құралы саналады және барлық жерде қабылдануы тиіс.