Бизнеске көмек керек

Фото: pm.kz

15 тамыз күні ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Келе сала мегаполистің түпкір-түпкірінде орласқан 10 нысанды аралаған премьер сағат алтыдан кейін Алматы қаласындағы кәсіпкерлердің мәселелерімен танысу үшін әкімдікке келді.

Кәсіпкерлердің проблемасы қандай?

Мегаполистегі бизнес проблемалары туралы сөзді Алматыдағы аймақтық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Ерлан Стамбеков бастады. Ол Кәсіпкерлер палатасы 560-қа жуық кәсіпорынға сауалнама жүргізіп, зерттеу жасағанын атап өтті. Мониторинг бойынша кәсіпкерлерді алаңдатып отырған бірнеше мәселе бар. Оның сөзінше, мемлекеттік қолдау мен қаржы ресурстарына қолжетімді болу үшін бизнесте мүмкініктік аз және Қазақстанда өнімді өндіруді жүзеге асыру мен оны сатып алуда қиындықтар бар.

«Сауалнамаға жауап берген барлық респонденттер бірауыздан теңгенің құбылмалығы бизнеске әсер етіп отырғанын айтады. Бұдан тұтынушылық қабілет төмендеп жатыр. Шынымен ұлттық валютаның құбылмалығы біз үшін үлкен мәселе. Сондықтан кәсіпкерлердің нақтыланған перспективасы әрі жасалған жағдайға байланысты келісім игерілу үшін мүмкіндіктер болу керек деп ойлаймыз”, – дейді Ерлан Стамбеков.

Оның сөзінше, ұлттық компаниялар және жергілікті мемлекеттік органдармен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасай отырып отандық өнімдерге сұранысты ынталандыру қажет. “Мұндай келісімдердің мерзімі кемінде 3-5 жыл болуы керек. Бұл үшін біз “Мемлекеттік сатып алу туралы” заң жобасына өзгерістер енгізуді ұсынамыз”, – дейді ол.

Қытаймен серіктестік туралы

Сондай-ақ, Кәрім Мәсімовпен болған жиналыс кезінде кәсіпкерлер Қытайға өнімдерді экспорттау мәселесін көтерді.

«Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытай арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің сәйкестік сертификаттарының нәтижелерін растау туралы екі жақты келісім жоқ. Бұл қазақстандық экспортерлерге қиындық туғызады. Мысалы ірі қара мал өнімдерін экспорттау кезінде Қытайдың өкілетті органдары қазақстандық тасымалдаушылардан Ресей зертханасының ветеринарлық нәтижелерін талап етеді. Бұдан бөлек бал өнімдерін экспорттау кезінде импортерлер рееестріне шаруашылық өнімін қосу үшін және тексеру үшін Қытайдың инспекциялық қызметін шақыруға тура келеді. Сондықтан бір қазақстандық зертхана мен қытайлық тарап арасында аккредация өткізу керек деп ойлаймын. Бұл қазақстандық тауар өндірушілердің жұмысы үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді”, – дейді Шығыс Қазақстандағы шаруа қожалығының басшысы Сағат Сауытов.

Бұдан бөлек Қытайға қатысты мәселені Қазақстандағы автотранспорт иелері одағының атқарушы директоры Сәбит Аманбаев қозғады. Оның сөзінше, 1993 жылы Қазақстан мен Қытай арасында автотранспорт саласында бірегей мүмкіндіктер болу үшін үкіметаралық келісімге қол қойылғані.

«Содан бері жалпы жүк айналымындағы  қытай жүгінің 90%-ын елге қазақстандық кәсіпкерлер апаратын жағдай қалыптасты. Бұл Қытайдың өз территориясына тек көрші мемлекеттерден келген автоларды кіргізуімен байланысты болды. Осының арқасында отандық тасымалдаушылар тиімді позицияны ұстап тұрды. Алайда 2010 жылы Кеден комитеті қытайлық тасымалдаушылардың Қазақстанға кіруіне тыйым салды. Қытай тарапы болса бұл уақытта жолды жапқан жоқ және біздің шенеуніктер мәселені шешуге, Қазақстанға қытайлық тасымалдаушылардың келуіне жағдай жасауға уәде берді. Алайда 6 жылда берілген уәде орындалған жоқ. 1 тамыздан бастап Қытай тарапы да біздің тасымалдаушылардың жүк тасымалына рұқсатты алып тастады. Салдарынан нарықта тасымалмен айналысып жүрген 500-ге жуық жүк көлігі жұмысын тоқтатты. Бұдан біздің табысымыз азаяды және мемлекетке түсетін салық болмайды”, – деді ол.

Премьер-министр Қытайға қатысты мұндай мәселелерді бірінші рет естіп отырғанын айтып, ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа мәселені реттеу туралы тапсырма берді. “Жағдайға байланысты “Атамекен” ҰКП-мен үкімет отырысын өткіземіз. Бір ай ішінде мәселерелге қатысты нақты шаралар қалыптасады деп ойлаймын”, – деді Үкікмет басшысы.