Bloomberg: Қаржы әлемін қалай жаулап алуға болады?

1173
Bloomberg

Медиа және қаржы саласына қатысы бар кез-келген адамның Bloomberg агенттігі туралы естігені анық. Әлемдік нарықтағы кез келген өзгерісті білгіңіз келсе Bloomberg терминалына көз жүгірту керек. Экономика, бизнес, қаржы туралы кез келген жаңалықты Bloomberg телеарнасы, радиосы, журналы немесе веб-сайты тәрізді ресурстар арқылы білуге болады. 

Bloomberg — бұл…

Bloomberg — қаржы нарығы, акциялардың бағасы, қаржы тақырыбындағы сараптамалар жариялайтын, жекелеген кәсіпкерлер де, үлкен компаниялар да үнемі қарап отыратын әлемдегі ең ірі қаржы-экономикалық ақпарат агенттігі.

Bloomberg terminal — агенттіктік ең басты өнімі. Әлемдік сауда биржасындағы өзгерістерді тікелей осы құрылғы арқылы біліп отырасыз.

Bloomberg — құнды қағаздарды сату үшін қолданылатын терминал түрінде жасалған бағдарламалық жасақтама.

Bloomberg — қаржылық кеңес берумен айналысатын ірі корпорация.

Компания туралы

Bloomberg компаниясы 1981 жылы құрылған. Негізін салушы — Майкл Блумберг. Нарық ойыншылары үшін Reuters-пен қатар осы Bloomberg те ақпарат таратады. Негізгі өнімі -Bloomberg терминалы. Ол арқылы әлемдегі барлық биржалық және биржалық емес нарықтардың бұрынғы және қазіргі бағаларын салыстырып қарауға болады.

Bloomberg-Terminal
Bloomberg терминалының 1500 доллардан басталады

Компанияны құрған кездегі Майкл Блумбергтің басты мақсаты — түрлі компанияларға қаражатқа байланысты ақпараттық қызмет көрсету. Ол үшін Блумберг Salomon Brothers-тің бұрынғы үш қызметкерін шақырады. Ол кезде нарықтың ең көшбасты агенттігі — Рейтер еді. Бәсекелесінен басып озу үшін тың нәрсе ойлап табу керек болды. Заманның ағымына ілесе отырып, «компьютерлене» бастаған қоғам үшін қолайлы қызмет ойлап табады.

Осылайша 1981 жылы кейін  болып өзгерген Innovative Market Systems атты компания құрылады. Бастапқы қаражаты — 10 миллион доллар. Басты қызмет -компанияларға іскери және қаржылық ақпараттар беріп отыру. Өзгелерден ерекшелігі сол — барлығын ретсіз тарату емес, нақты трендтерді айқындап отырып, ең өзектісін тарату.

Компанияның ең алғашқы тұтынушысы — Merryl Linch инвестициялық банкі болды. Банк пен агенттік арасындағы келісімнің қалай жүзеге асырылғаны көпшілік арасында тіпті аңыз ретінде тараған. Майкл Блумберг жеке өзі банкке барып, компаниясының бизнес-жоспарын таныстырады. Болашақ жобасын үтір-нүктесіне дейін түсіндіріп, сынама нұсқасын қолданып көруге ұсыныс білдіреді. Bloomberg терминалының ең алғашқысы осы банкте орнатылды. Merryl Linch-ке аталған құрылғы қатты ұнап қалғаны сонша, осындай 20 терминалға тапсырыс береді. Bloomberg бірінші тұтынушысы ғана емес, алғашқы инвесторы да осылай табылған деседі. Аз уақыттан соң Merryl Linch 30 миллион долларға Innovative Market Systems-тің 20%-ын алады.

Бүгінде Bloomberg терминалдары барлық қаржылық компанияларда бар. Операциялық жүйелер нарығында Microsoft Windows қалай керек болса, ол да өз саласының ұжымдық стандарты іспеттес болып кеткен.

Bloomberg-тің медиа сервистері

Іскерлік ақпарат тарату үшін журналистерді қызметке шақыру керегі анық. Осы мәселені шешу үшін Блумберг Dow Jones-пен келісім-шартқа отырады. Соған сәйкес компания желіде  The Wall Street Journal материалдарын қолдана алатын болды. Екі арадағы одақ 1990 жылға дейін созылды. Келісімді бұзған Dow Jones, бірақ нақты қандай себептері бар екені әлі күнге дейін белгісіз.

Осылайша, редакторлық құрамын жасақтау мәселесі бәрібір өзектілігі жоғалтпайды. Бұл мәселеде компания басшылығы тағы да өзгеше шешім қабылдайды. Ол тәжірибелі, қымбат бағаланатын адамдарды емес, ынтасы жоғары талапкерлерді жұмысқа ала бастайды. Бүгінде әлем бойынша мыңдаған тілшілері бар агенттіктің жұмысын алғашында тәжірибеден өтушілер бастаған.

Штаты үлкен ұйымға жаңа сервистер қосу міндетті еді. Сондықтан Bloomberg радиостанция, телевизиялық арна мен веб-сайт ашады. Осылардың барлығы бүгінгі күні әлем бойынша алдыңғы қатарда.

Bloomberg-тің 72 елде 146 бөлімшесі бар. Бұл жерде 26300-ден аса мультимедиа саласының мамандары мен журналистері қызмет атқарады. Тәулік бойы жұмыс істейтін Bloomberg Television 240 миллионнан астам отбасына телевизиялық қызмет көрсетеді. Блумберг радиосы өз жұмысын SIRIUS XM Radio, 1worldspaceTM satellite radio және WBBR 1130AM арқылы жүргізеді. Ай сайын шығатын Bloomberg MARKETS, Bloomberg Businessweek журналдары мен Bloomberg.сом веб-сайты менеджерлер үшін таптырмайтын құрал.

18ky2v7vpbn17jpg
Компанияда қазіргі таңда 9,5 мың қызметкер бар

Компанияда Bloomberg Professional атты бөлім бар. Яғни, қаржы компанияларына терминалдарын сатады. Ол терминалдар үшін айына 1,5 мың доллар төлеуіңіз қажет.

Келесі бөлім — Bloomberg Television. Қаржы, қаражатқа қатысты ақпарат таратын телевизия желісі. Бүгінде Bloomberg Press, Bloomberg Persona Finance және Bloomberg Markets секілді басылымдарды шығарып отырған жеке баспасы бар. Радио қызметі де осы жерде. Компанияда қазіргі таңда 9,5 мың қызметкер бар.

Майкл Блумберг бүгінде компанияға көңіл бөлуін бәсеңдеткен. Оған себеп — қызметін ауыстыруы. 2014 жылдан бастап ол БҰҰ өкілі қызметіне келді. Оған дейін Нью-Йорк қаласының басшысы да болған еді.

Дағдарысқа дейінгі кезеңде Майкл Блумберг ең бай адамдар тізімінде 8-орында тұрды. 2008 жылғы Форбс нұсқасында оның байлығы 20 млрд долларға бағаланған. Қала басшысы қызметіне келген кезінде ол жылына 1 доллар ғана жалақы алды. Сонымен бірге, мемлекеттік баспанада емес, өз бизнесінен түскен табысқа алынған үйде тұрады.

Блумбергте жұмыс жасаудың ерекшелігі

Компания қызметкерлерін ынталандыру басты міндеті деп біледі. Бұл жерде жүйе де өзгерек. Кім қанша терминал сатса, сонша табыс алады. Қызметкерлер үшін бұл үлкен мотивация.

Bloomberg жүйесі таза табыстың емес, көлемнің артуына жұмыс жасайды. Журнал, ТВ не радио болсын, жалпы табысына емес, қаншалықты компания өніміне айнала алғандығына басты назар аударылады. Корпорацияның бұрынғы қызметкері бірде Майклдің оған ұрысқанын еске алады: «Шығындарды азайтуды ойлап, айналымды арттыру жайлы ойымда болмаған кезде, Блумберг келіп біраз сөйлеген. Сату туралы ғана ойла, табыс туралы мен ойлаймын» — деген екен.

Майкл Блумбергтен бірер кеңес

New York City Mayor Michael Bloomberg attends a press conference about the World Trade Center site, where officials provided an update on the rebuilding efforts as the ninth anniversary of the 9/11 terror attacks approaches New York City, USA - 07.09.10 Mandatory Credit: PNP/WENN.com
Фото: juhuro.com

«Өмірдің орналасуының өзі былай сияқты: күн сайын бізге кішкентай болса да, мүмкіндіктер беріліп отырады. Соны ұстап қалуға бірде күшің жетеді, бірде — жоқ. Үлгеріп алып қалу үшін үнемі даму керек. Лотерея билетіне сеніп, отыра берген болмайды. Әйтеуір бір күні сәттілік менің жағыма келер деп сену — аңқаулық. Нақты нәтиже алу үшін мынадай кеңес айта аламын: не жасайтын болсаңыз да, қадамдарыңызды алдын-ала ойластырыңыз, қабілеттеріңізді дамытудан шаршамаңыз, сол жолда барыңызды салыңыз. Содан кейін бір сәт дамып тауып, артқа көз салыңыз. Не бітірдіңіз? Ол жеткілікті ме? Қажет болса, жоспарыңызға өзгерістер енгізіңіз. Мүмкіндік беріліп тұр ма — пайдаланып қалыңыз».

«Жоспарлаған жақсы дегенді жоққа шығару мүмкін емес. Көбіне қалың ойдан шыққан идеялардың жүзеге асуы да сәтті болып жатады. Бірақ, ойыңа алған істі шын ниетіңмен қаламасаң — бос әурешілік.

Идея қандай болмасын, сіз оны соңына дейін жеткізуіңіз керек. Егер өзіңізге ұнайтын болса, мәселенің шешімін табасыз. Талпыныстың тартылыс күші орасан. Талпынған сайын сіз өзіңізге қуат аласыз. Өз еңбегіңіздің ақталуы үшін одан сайын еңбектене бастайсыз. Менің жұмысыма деген сүйіспеншілігім қашан да жоғары тұрады. Сол жолда мен көп еңбек еттім, нәтижесінде мені табысты етті. Өз қызметін жақсы көрмейтін адамдарды аяймын. Оларда жұмыстары ұнамайды, демек олар өмірін бақытсыздықпен өткізіп жатыр. Нәтижесінде, сізді ол жоқ қылып, өшіреді.»

Негізінде менің өмірлік тәжірибемде түйгенім — жалғыз өзің жүрген сенімдірек. Әрине, менің психотерапевтім осыдан кейін мені жынданып кетті деп ойлап қалар еді. Бірақ, мен күн сайын таңғы сағат бесте жалғыз өзім жүгіремін. Осы жүгіріп жатқан сәтте мен барлық құпияларымды бір адамға ғана аша аламын. Ол адам кім деп ойлайсыз? Жалғыз өзім жүгіретін болсам, ол адам кім?».

Фото:rb.com