Bloomberg Астанада телеканал мен офисін ашады

Bloomberg
Фото: liter.kz

Астана. 17 сәуір. 7kun.kz — Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс бабымен АҚШ-та болып қайтты. Онда Bloomberg-тің жақын арада Астанада офис ашатыны мәлім болды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Жұмыс сапары аясында Сағынтаев Bloomberg  компаниясының басшысы және Нью-Йорктің экс-мэры Блумбергпен кездесті. Олар Қазақстан қаржы нарығын дамытудағы серіктестік мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, компания офисімен танысты.

Фото: kursiv.kz

Келіссөз нәтижесінде Астанада Блумберг телеканалы мен офисі ашылатын болды.

Еске салсақ, президент тапсымасы бойынша, премьер-министр 11-14 сәуір аралығында АҚШ-қа барды. Онда әлемдік компаниялар басшыларымен кездесу өткізді.