BP басшысының мұнай бағасының барреліне $100 болатынына күмәні бар

BP басшысының мұнай бағасының барреліне $100 болатынына күмәні бар

BP Plc басшысы Боб Дадлидің жақын арада мұнай бағасының барреліне 100 долларлық көрсеткішке қайтып келетініне күмәні бар.

Ол Bloomberg TV-ға берген сұхбатында, баға белгілеу  30$-дан 10$-ға дейін құлдыраған 1986 жылдағы жағдайды айтып өтті.

«Тауар тасымалдаудың  және сұраныстың іргелі факторлары менің есіме 1986 жылды салады, сол себепті біздің төмен бағалар кезеңіне кіруіміз ықтимал», — деді ол.

Даллидің есебінше мұнай бағасы алдағы үш жылда да барреліне 60$ көлемінен аспайды.

«Баррель құны 100$ көрсеткішке жеткенше әлі біраз жыл бар» , — дейді ВP басшысы.

Есесіне, италиялық  Eni SpA компаниясының бас атқарушы директоры Клаудио Дескальци қаңтар айындағы сөзінде, осы жылдың аяғына дейін бағаның қалыпқа келуін және мұнай бағасы барреліне 90$ боларын күтетінін айтты.

Bloomberg агенттігінен сұралған сарапшылардың орташа болжамы бойынша, келесі жылы WTI маркалы мұнай бағасы барреліне 74$, 2017 жылы барреліне  75$ құрайды.