Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz — Батыс Қазақстан облысында құрылыс керамикалық бұйымдар өндіретін зауыт іске қосылады. Жобаның құны — 38 млн теңгеден астам.
Өңірлік кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, кәсіпорынның қуаттылығы жылына 480 мың бірлікке тең.
«Инвестор жергілікті. Барлығы 38,3 млн теңге салынды. Іске қосу 2020 жылға жоспарланған», — деп толықтырды ведомствода.
Қазіргі уақытта оны іске асыру үшін Зеленов ауданындағы саз кен орнын жобалау жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорында брусчатка, бордюрлер, қаптау және тротуарлық плиткалар, лего-кірпіш және лего-блоктар шығарылады. Шығарылатын өнімді ішкі нарықта сату жоспарланып отыр.