БҚО-да педагогтарды 200 млн теңгеге алдады

129
3
Фото: bnews.kz

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz — Инклюзивті білім берудің төрт мыңнан астам мұғаліміне мүгедектігі бар балалармен жұмыс жасағаны үшін жалақыға қосымша еңбекақыны төлемеген. Жоспарлы тексерулер кезіндегі заң бұзушылықтарды БҚО прокуратурасының қызметкерлері анықтаған.

БҚО прокуратурасынының хабарлауынша, Казталов ауданының 20 орта білім беру мектебінде (ЖОББМ) 549 мұғалім 4,9 млн теңге толық алынбаған жалақысын қайтарып алды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытқаны үшін педагогтарға қосымша ақы төлеуді көздейтін норма Үкіметтің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысымен енгізілді.

«Бұл «Білім туралы» Заңның 52-бабымен де анықталған. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегені үшін педагогтарға базалық лауазымдық жалақыдан 40% мөлшерінде қосымша ақы төленуі тиіс», — деп түсіндірді БҚО прокуратурасында.

Прокуратура мәліметтеріне сәйкес, Казталов ауданында 215 педагогке төлем ішінара жүргізілді. Осылайша, олар 1,8 млн теңге алмаған. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін 334 педагогке қосымша ақы төлемеген. Үнемделген қаражаттың жалпы сомасы 200 млн теңгені құрады. Тәртіп бұзушылыққа жол берген аудандық білім бөлімдерінің қызметкерлеріне сөгіс жариялады, ал мұғалімдер отбасылық бюджетті толықтыруды күтеді.

БҚО прокуратурасында өткен брифингте прокурордың аға көмекшісі Бауыржан Ахметжанның мәлімдеуінше, 2019 жылдың алты айында прокуратураның араласуынан кейін облыстың 66 кәсіпорнында жалақы бойынша берешек өтелді. Жұмыс берушілер 190 қызметкерге 53,9 млн теңгеге қарыз төлеген.