БҚО-да қымыз бен қағаз стақандар өндіріледі

12
Батыс
Фото: dribbble.com

Алматы. 06 тамыз. 7kun.kz — Батыс Қазақстан облысында «қарапайым заттар экономикасы» аясында 87,5 млрд теңгенің 80 жобасы бар. Бұл туралы облыстық әкімдікте хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, банктер 273,7 миллион теңгеге жеті жобаны мақұлдады. Сонымен бірге, 195 миллион теңгеге тағы үшеуі қарастырылуда.

«Мақұлданған жобалардың ішінде қолданыстағы нан-тоқаш өнімдерінің өндірісін жаңғыртуды, жылқы, қой, ешкі өсіру мен көбейтуді, қымыз өндіруді, сондай-ақ гофрленген картон мен қағаз ыдыстарын шығаруды атап өтуге болады», — деп толықтырды ведомствода.

2019 жылдың қыркүйегінде нан-тоқаш өнімдерінің жаңартылған өндірісі іске қосылады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 800 тонна өнімді құрайды. Қағаз стақандар өндірісіне келетін болсақ, оларды айына 1 млн данаға дейін шығару жоспарланған. Дайын өнімдер тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де сатылады. Өз кезегінде өңірде жылына 15 тонна қымыз өндіру жоспарланып жатыр.