Brent бағасы тағы арзандады

Өзенмұнайгаз
Фото: neftianka.ru

Алматы. 3 маусым. 7kun.kz —Brent маркалы солтүстік теңіз мұнайының бағасы арзандай түсті. Тамыз фьючерстерінің құны бір баррель үшін 61,05 долларды құрады.

Сондай-ақ түнгі сауда кезінде мұнайдың бағасы барреліне 60,62 долларға дейін төмендеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп әлемдік саудадағы шиеленісті күшейте түскеннен кейін шикізаттың құны жаңа сауда қауіптерінің аясында арзандады. Атап айтқанда, Трамп АҚШ-тың ірі сауда серіктестерінің бірі және шикі мұнайдың негізгі жеткізушісі болып табылатын Мексиканың тарифтерін арттыруды жоспарлап отыр.

Еске сала кетейік, мамыр айында Джидда қаласында болған кездесу кезінде ОПЕК+ мониторинг комитеті мұнай өндіру бойынша шешім қабылдай алмады. Кезекті кездесу маусым айының соңында Венада өтуі тиіс. Сауд Арабиясының Энергетика министрі Халед әл-Фалех журналистерді маусым айында өтетін кездесуде шешім қабылданатынына сендірді.