Алматы. 9 желтоқсан. 7kun.kz — Brent маркалы мұнайдың бағасы өндірісті қосымша төмендету туралы келісімнің аясында барреліне 64 доллардан асты.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9:20-да мұнайдың ақпан фьючерстерінің бағасы барреліне 64,18 долларды құрады.
6-7 желтоқсанда ОПЕК+ елдері қара алтын өндірісін тәулігіне тағы 500 мың баррельге қысқартуға келіскені бағаларға әсер етті.
Өз кезегінде Қазақстан өндірісті тәулігіне 17 мың баррельге қысқартуға келісті.
Сондай-ақ, ОПЕК-ке мүше елдер мен ОПЕК-ке кірмейтін мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық туралы Хартияға қол қойылды. Ол ОПЕК+ елдері арасындағы өзара іс-қимылды ұзақ мерзімді кезеңге жақсартуға бағытталған.
Бұдан басқа, хартия мұнай нарығының негіздерін түсінуге, мұнай өндіруші елдер мен тұтынушылар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл жасауға ықпал етеді, сонымен қатар, өзгермелі жаһандық энергетикалық теңгерімдегі мұнайдың рөлін нығайтады.