Бюджетке жекешелендіруден 6 млрд 994 млн теңге түсті

Фото: today.kz

Соңғы 2 жылда Қазақстанда іс жүзінде саудаға 489 объекті шығарылды, оның ішінде 292 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша — 19, коммуналдық меншік бойынша — 143, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация — 78, холдингтер бойынша — 52. Бұлай деп Қаржы министрлігі хабарлады.

«Сонымен, қаражат былайша таратылды: республикалық бюджетке 6 млрд 994 млн теңге, облыстық бюджеттерге – 4 млрд 685 млн теңгеден астам, холдингтер — 67 млрд 416 млн теңге, ӘКК — 6 млрд 201 млн теңге», — дейді министрлік.

2014 жылдың маусымынан бастап 2016 жылдың тамызына дейінгі кезеңде республикалық меншіктің 27 объектісін сату жоспарланған. Ағымдағы жылдың 16 тамыздағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа іс жүзінде сатуға 27 объекті шығарылды, оның ішінде 19 объекті сатылды.

Коммуналдық меншік бойынша 252 объекті жекешелендіруге жатады, оның 244 объектісі сауда-саттыққа шығарылды, соның ішінде 143 объекті сатылды.

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жекешелендіруге жататын 104 объектісінің  98-і сатуға қойылды, 78 объекті сатылды, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен холдингтердің 136 объектісінің 120-сы сауда-саттыққа шығарылды, оның ішінде 52 объект сатылды.