БЖЗҚ салымшыларының шотына бөлінген таза инвестициялық кіріс 462 млрд теңгеден асты

252
БЖЗҚ
Фото: inform.kz

Астана. 1 қараша. 7kun.kz — 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚР Ұлттық Банкі басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 7 544,70 млрд теңге болды, жыл басында ол 6 680,14 млрд теңге болған, яғни қазір 864,56 млрд теңгеге артық. Өсім шамамен 13% болды. Бұл туралы ҰБ Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламентінің Мәжілісінде өткен отырыстан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып айтты, деп хабарлайды ҰБ баспасөз қызметі.

«2017 жылғы 1 қазанда портфельде 43,27 пайыздық негізгі үлесті ағымдағы құны
3 264,72 млрд теңге болған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары құрайды. Инвестициялық зейнетақы активтерінің көлемі бойынша екінші орында Қазақстан Республикасының портфельдегі үлесі 16,77 пайызға тең екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары тұр. Осы облигациялардың ағымдағы құны
1 265,47 млрд теңгені құрады. Үшінші орында – Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары. Олардың құны 852,85 млрд теңгені, ал зейнетақы активтері портфеліндегі үлесі – 11,3 пайызды құрады», — деді Д.Ақышев.

БЖЗҚ сенімгерлік басқаруда тұрған зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы ұлттық валютамен (71,12%), АҚШ долларымен (28,28%) және Ресей рублімен (0,49%) көрсетілген.