БЖЗҚ-ның инвестициялық табысы төмендеді

22
зейнетақы
Фото: inbusiness.kz

Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz — Ағымдағы жылдың төрт айында БЖЗҚ таза инвестициялық табысы 172,4 млрд теңгені құрады — өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда (181,1 млрд теңге) 4,8%-ға аз. Мұндай деректерді Finprom.kz ұсынды.

Ең көп түсімдер бағалы қағаздар, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы есебінен алынды — 214,3 млрд теңге.

Құрылымдағы екінші орын сыртқы басқарудан түскен табысқа тиесілі: 5,4 млрд теңге, таза табыстың үлесі 3,1%-ды құрады. Өзге табыстар 3 млрд теңгеге тең.

Бұл ретте төртінші ай қатарынан бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан және шетел валютасын қайта бағалаудан болған шығындар белгіленеді. Ағымдағы жылдың қаңтар–сәуірінде шығындардың жалпы сомасы 50,3 млрд теңгені құрады, оның ішінде бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан болған шығындар — 29,5 млрд теңге (бір жыл бұрын 21,3 млрд теңге мөлшерінде кіріс тіркелген), шетел валютасын қайта бағалаудан болған шығындар — 20,8 млрд теңге.

Зейнетақы активтерінің жалпы сомасы 2019 жылғы сәуір айының соңына қарай 21,2%-ға ұлғайып, 9,9 трлн теңге болды. БЖЗҚ инвестициялық портфеліндегі негізгі үлес ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарға (МБҚ) келеді: 42,1% немесе 4,2 трлн теңге (бір жыл бұрын-45,5% немесе 3,7 трлн теңге). ҚР ұйымдарының бағалы қағаздары (БҚ) және шет мемлекеттердің МБҚ-ы тиісінше 2,9 трлн және 1,5 трлн теңгеге тең, үлесі — 28,9% және 15,1%. БЖЗҚ инвестициялық портфелінің құрылымындағы депозиттер 6,8% немесе 717,9 млрд теңгені құрады.

Өз кезегінде, сыртқы басқарудағы активтер бұрынғысынша 1%-дан кем, дәлірек айтсақ, 0,9% немесе 88,2 млрд теңгені құрайды.

Айта кетейік, зейнетақы активтерін жеке компанияларға толық беру мәселесі әлі де талқылануда. Қазіргі уақытта активтерді басқаруға маманданған көптеген ірі халықаралық компаниялар бар.

Активтерді басқару жөніндегі әлемдегі ең ірі компания — BlackRock, оның басқаруындағы активтер 6,5 трлн АҚШ долларына тең. Бұл ретте сома 2017 жылдың соңына қарағанда 3,7%-ға артты.

Vanguard Group басқаруындағы активтердің көлемі бойынша екінші орынға ие болды: 5,2 трлн доллар. UBS көшбасшылардың үштігін қорытындылайды: 3,3 трлн доллар.

Тұтастай алғанда, ірі он компанияның басқаруындағы жиынтық активтер — 30,2 трлн доллар.