Банк жаңалықтарыЖаңалықтарТаңдаулы1

«Цеснабанк» АҚ директорлар кеңесінің жаңа төрағасы тағайындалды

Қазіргі уақытта «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесі бес адамнан тұрады.

Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Николай Мещеряков тағайындалды.

Банктің Директорлар кеңесінің құрамынан Директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Сатылғанов және Директорлар кеңесінің мүшесі Ержан Таджияқов шығарылғаны хабарланады.

Қазіргі уақытта «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесі бес адамнан тұрады: В.Ульф, Н.Мещеряков, В.Фогель , Э.Бабаян, У.Байжанов.

«Цеснабанк» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марат Жәукенов банк Басқармасының құрамынан шығарылды.

Қазіргі уақытта «Цеснабанк» АҚ Басқармасы төрт адамнан тұрады: В.Ульф, Д.Ли, А.Китапбаев, Д.Стаменкович.

Tags

Осы айдарда

Close