Қазақстан. 6 мамыр. 7kun.kz – ЦентрКредит Банкі Альфа-Банктің 100% жай акцияларын сатып алу келіссөздерін аяқтады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Қайта тіркеуден кейін банк «ДБ ECO BANK» атауымен ECOBANK жаңа брендімен жұмыс істейтін болады. Бұл ретте банк өнімдері бойынша барлық шарттар клиенттер үшін өзгеріссіз қалады және SDN тізімінен шығарылғаннан кейін клиенттерге банк қызметтерінің барлық мүмкіндігі қолжетімді болады.
Айта кетейік, бұған дейін реттеуші ЦКБ-ге Альфа-Банктің қазақстандық еншілесін сатып алуға рұқсат берген еді. Сондай-ақ «Альфа-Банк» қарыз алушыларға 220 млрд теңгеге талаптарды ЦКБ-ға аударғаны белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 6 сәуірде АҚШ ресейлік Альфа-Банкке қатысты санкцияларды кеңейтті. Бұл оның Қазақстандағы еншілес ұйымына да әсер етті.