Cоңғы 100 жылда болмаған аптап ыстық тіркелді

684
Cоңғы 100 жылда болмаған аптап ыстық тіркелді

Алматы. 1 шілде. 7kun.kz —  Иранның батысында орын тепкен Ақбаз қаласындағы ауа температурасы +53,7°C-қа жетті, деп жазады islam.kz сайты.

«Бұл планетамыздағы соңғы 100 жылда ең алғаш рет тіркеліп отырған аса жоғары көрсеткіш. Бұл жайында Mashable мерзімді басылымы хабар таратты», — деп хабарлады басылым.

Ал Weather Underground ақпарат көзінің келтірген дерегіне қарағанда, аталған қалада +61°C аптап ыстық тіркелген. Бұл көрсеткіш ауа температурасы мен оның ылғалдылық деңгейінің арақатынасымен анықталған.

Дінмұхаммед Алдаберген