Cyber & Digital Security 2019: поляк тәжірибесі

Digital Security
Фото: impossible.works

Нұр-Сұлтан. 16 мамыр. 7kun.kz — Нұр-Сұлтан қаласында киберқауіпсіздік жөніндегі Cyber & Digital Security 2019 конференциясы жалғасуда.

Конференцияда сөз алған Польша Республикасының кәсіпкерлік және технология министрлігі вице-министрі Тадеуш Кошчиньский Польшаның цифрлану қарқыны Еуропада жоғары көрсеткішке ие екенін атап өтті. «Поляктар цифрланудың кәдімгідей ыңғайлы екенін сезіне алды»,- дейді ол.

Шенеуніктің айтуынша, поляктар да цифрлық технологияларға алғашында сенімсіздікпен қараған және ондайлар әлі бар. Бұл көрініс дамушы елдердің барлығына тән екен.

Оның айтуынша болашақта өндірістегі мамандықтардың 90% жойылып кетуі мүмкін. Сондықтан цифрлану үрдісінде ұстамдылық таныту керек. Ол мәселені поляктар қазір арнайы зерттеп жатыр екен.

«Киберқауіпсіздік пен цифрлану саласында білімді ұдайы жетілдіріп отыру ғана көмектеседі», — деді ол.